Оскар Вальдес өз чемпиондық белбеуін қорғап қалды
Аризон штатының Тусон қаласындағы Casino Del Sol аренасында өткен WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Оскар Вальдес пен бразилиялық Робсон Консейсан арасындағы жекпе-жек өз мәресіне жетті.
Алғашқы гонг соғылған сәттен қарсыластар шаршы алаңның ортасы үшін күресуге кірісті, сондықтан бастама бірінші боксшыдан екіншісіне өтіп отырды. Робсон екпінді тікелей соққылар қолдана отырып, қашықтықтан әрекет етті. Вальдес, өз кезегінде қашықтықты қысқартуға және күшті соққы жасауға тырысты. Бірақ бразилиялық былғары қолғап шебері чемпионның шабуылынан оңай құтылып, қажет болған жағдайда клинчке кіріп отырды.
Үшінші раундтан бастап Консейсан қарқынын көтеріп, чемпионға қашықтықтан көбірек соққы жасай бастады. Алайда Вальдес бұл соққыларға жауап қайтара алмады. Алтыншы «үш минуттықта» мексикалық боксшы қарсыласын көбірек қыспаққа ала бастады. Ол арасында дәл соққы жасай алды, дегенмен өзі деп көп соққы жіберіп алды.
Тоғызыншы раундта Робсоннан желкеден жасаған соққылар үшін бір ұпай алынып тасталды, бірақ ол бірден қашықтықтан комбинациялық шабуылдар жасап, таласты қыздыра түсуге асықты. Соңғы раундтарда Оскар қарқынын арттыруға, қарсыласын арқанға қысып, сол жерде шабуыл жасауға тырысты. Консейсан болса, өз кезегінде аяғымен көбірек қозғалды, джебті шебер қолданды, қажет болған жағдайда күш соққыларын жасады. Робсон Оскардың сәтті шабуылдарына лайықты жауап бере алды.
Финалдық гонгтан кейін барлық үш төреші Оскар Вальдесті жеңіске лайық деп тапты. Осылайша, Оскар Вальдес төрешілердің бірауыздан шешімімен, 117-110, 115-112, 115-112 есебімен жеңіске жетті.