Мартин Мюррей Головкиннен қарымта қайтару жоспарына кірісті
Британдық боксшы Мартин Мюррей бүнін Англия астанасында өткен жекпе-жек кешінде төрешілердің бір ауызды шешімімен мексикалық Роберто Гарсиядан басым түсіп, орта салмақтағы WBC Silver белбеуін жеңіп алды. Енді ол Геннадий Головкиннен қарымта қайтарғысы келеді.
Мюррей 2015 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. 11 раунд бойы шыдап, жекпе-жектің аяқталуына бір раунд қалғанда жерлесіміз оны екі бүктеген еді. «Талай мықтыға қарсы шаршы алаңға шықтым. Талай дүлдүлдің соққыларын өткіздім. Бірақ дәл Triple G секілді жойқын күштің иесін ешқашан көрмеппін», – деп сол жекпе-жектен кейін британдық боксшы қазақстандықтың мықтылығын мойындағанеді. Тамсанып айтып жүрді. Ал содан бері, міне, үш жарым жыл өтті.
Бүгінгі айқас Мартиннің Головкиннен жеңілгеннен кейінгі оныншы жекпе-жегі болатын. Қарсыласы – мексикалық Роберто Гарсия. 38 жасар боксшы 45-ші айқасын өткізбек екен. Бұған дейінгі 41 кездесуі жеңіспен аяқталып, 24 қарсыласын нокаутқа түсірген. Бірақ, жас емес. Енді екі жылдан кейін 40-қа толады. Ал WBC Silver белбеуін өткен жылдың тамызында жеңіп алған. Сондерс жарақат алып қалыпты дегенді естіп, промоутеріне бірден «Мені Британияға апар. Мюрреймен төбелесем» деп қолқа салған ғой. Алайда, шамасы жетпеді. Төрешінің үшеуі де Мартиннің мықтылығын мойындады. Есеп – 118:108, 118:109, 116:111.
Естеріңізге сала кетейік, орта салмақ дәрежесі бойынша WBC чемпионы – Геннадий Головкин. Ал WBC Silver белбеуі Мюррейге қайтадан Головкинмен төбелесуге мүмкіндік береді. Бірақ, ол үшін өз чемпиондық атағын бір рет қорғауы қажет.
Дегенмен, жекпе-женктен кейін британдық мықты шаршы алаңға Головкинді шақыратынын мәлімдеді. Бірақ, Triple G оған да кезекке тұр дейтін шығар.