​Майк Тайсон - Джейк Пол және қараша айының жарқын жекпе-жектері

15 ноября 2024 г.
​Майк Тайсон - Джейк Пол және қараша айының жарқын жекпе-жектері

Қараша айындағы бокс әлеміне көз жүгіртсеңі, айтарлықтай мегафайт жоқ сияқты. Бірақ бокс сүйер қауымды бірнеше титулдық жекпе-жек, реванштар мен хайп кездесулер күтіп тұр. Осы орайда Ringkz.com порталы кішігірім шолу жасап шықты.

Джейк Пол (10-1, 7 КО) - Майк Тайсон (50-6, 44 КО)

Осы айда қанша титулды жекпе-жектер ұйымдастырылса да, Астана уақытымен 16 қарашада Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін бокс кеші бәрінен асып түспек.

Себебі ешқандай рейтингтермен бағалауға келмейтін, аты аңызға айналған чемпион Майк Тайсон көп жылдардан кейін шаршы алаңға оралды.

Иә, Тайсонның америкалық блогер Джейк Полға қарсы жекпе-жегі WWE стиліндегі күлкілі қойылым мен шоуға айналып кетпегенін бәрі қалайды. Дегенмен жекпе-жекке ресми түрде рұқсат етілді. Сондықтан ауыр салмақтың кезіндегі чемпионы 58 жастағы Майк Тайсон 28 жастағы ютубермен өтетін кездесуіне әлем көз тігіп отыр.

Осындай жарқын жекпе-жек төңірегінде келесідей кездесулер де ұйымдастырылатынын айта кетейік:

– Хильберто Рамирес (46-1, 30 КО) - Крис Биллем-Смит (20-1, 13 КО)

WBA және WBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы (90,7 кг-ға дейін)әлем чемпионы атағы үшін күрес.

- Уильям Сепеда (31-0, 27 КО) - Тевин фермер (33-6-1, 8 КО)

Жеңіл салмақтағы уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек (61,2 кг-ға дейін).

- Хосе Рамирес (29-1, 18 КО) - Арнольд Барбоса (30-0, 11 КО)

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек (63,5 кг дейін).

– Оскар Колласо (10-0, 7 КО) - Тамманун Ниомтронг (25-0, 9 КО)

WBA және WBO әлем чемпионаты үшін ең төменгі салмақтағы жекпе-жек (47,6 кг-ға дейін).

- Оскар Дуарте (27-2-1, 22 КО) - Ботиржон Ахмедов (10-3, 9 КО)

WBA International бос белбеуі үшін жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг-ға дейін).

Хильберто Рамирес (46-1, 30 КО) - Крис Биллэм-Смит (20-1, 13 КО)

Шоуды қойып, енді нағыз жекпе-жектерге тоқталсақ. 16 қараша тағы да сол Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 90,7 келі салмақта WBA және WBO атақтарын біріктіру үшін Хильберто Рамирес (46-1, 30 КО) - Крис Биллэм-Смит (20-1, 13 КО) кездеседі.

Дивизиондағы ең талантты боксшылар кездесіп, кім мықтыны анықтамақ. Мұнда да бәрі классика. Мексикалық Рамирес таза бокста жақсы, британиялық Биллам-Смит барынша күш салуды, шаршатуды, баяулатып, сындыруды өте жақсы біледі.

Хосе Рамирес (29-1, 18 КО) - кіші Арнольд Барбоса (30-0, 11 КО)

Тағы да 16 қараша, тағы да Эр-Рияд (Сауд Арабиясы)! Бұл жолы 63,5 келі салмақ дәрежесінде WBO тиутлы тұр.

Рамирес-Барбоса арасындағы кездесу - жылдың ең қызықты жекпе-жектерінің бірі. Бұрын чемпион болған АҚШ өкілі Рамирес әлі жеңіліп көрмеген, бірақ ешқашан жоғарғы деңгейдегі қарсыласпен кездеспеген тағы бір америкалық Барбосамен кездеседі.

Рамирес Барбосаны жеңе алатын сияқты. Бірақ оның қорғаныстағы осалдығы мен бірнеше жеңілісі қарсыласқа өте жақсы мүмкіндік береді. Жалпы бұл жекпе-жектен кез келген нәтижені күтуге болады.

Санни Эдвардс (21-1, 4 КО) - Галал Яфай (8-0, 6 КО)

30 қараша Бирмингемде (Англия) WBC бос белбеуі үшін 50,8 келі салмақта Санни Эдвардс (21-1, 4 КО) - Галал Яфай (8-0, 6 КО) жұдықтасады.

Екі британиялық боксшы қалың көпшілікке танылып үлгермеді. Десе де бұл жылдың ең қызықты, техникалық жағынан ең күрделі әрі болжауға қиын жекпе-жек болмақ.

Олимпиада чемпионы Яфай бірнеше барынша белсенді әрі агрессивті болмақ, ал дивизионның бұрынғы кқшбасшысы Эдвардс дәлірек әрі тиімдірек болады деген болжам бар.