Ломаченко бірінші, Головкин үшінші. Америкалық журналистер Р4Р рейтингін түзді
Американың спорт журналистері түзген әлем боксшыларының P4P рейтингінде украиналық Василий Ломаченко көш бастап тұр. Геннадий Головкин үздік үштікте, ал алдағы қарсыласы Сауль Альварес небәрі 9-шы орында.
АҚШ-тың бокс туралы жазатын спорт журналистерінің рейтингінде Василий Ломаченко осымен үшінші рет көш бастап тұр. Дегенмен, бұл жолы украиналық пен Теренс Кроуфордтың арасын бар болғаны үш-ақ ұпай бөліп тұр. Ломаченконың еншісінде барлығы 216 ұпай. Ал үздік үштіктегі Геннадий Головкинде 181 балл.
Сондай-ақ, үздік ондықта Майки Гарсия, Эррол Спенс, Наоя Иноуэ, Висаксил Вангек, Олександр Усик, Сауль Альварес және Энтони Джошуа бар. Дегенмен, Усик пен Джошуа рейтингке бірінші рет кіріп тұр.
Америкалық спорт журналистерінің кезекті рейтингі енді қазан айында жарияланады.
BWAA P4P рейтингі:
- Василий Ломаченко (Украина) – 216 балл
Жеңіл салмақ
11-1-0 (9КО)
- Теренс Кроуфорд (АҚШ) – 213 балл
Жартылай орта салмақ
33-0-0 (24КО)
- Геннадий Головкин (Қазақстан) – 181 балл
Орта салмақ
38-0-1 (34КО)
- Майки Гарсия (АҚШ) – 160 балл
Екінші жеңіл салмақ
39-0-0 (30КО)
- Эррол Спенс (АҚШ) – 131 балл
Жартылай орта салмақ
24-0-0 (21КО)
- Наоя Иноуэ (Жапония) – 106 балл
Аса жеңіл салмақ
16-0-0 (14КО)
- Срисакет Сор Рунвисай (Тайланд) – 105 балл
Бірінші аса жеңіл салмақ
46-4-1 (41КО)
- Александр Усик (Украина) – 98 балл
Ауыр салмақ
15-0-0 (11КО)
- Сауль Альварес (Мексика) – 87 балл
Орта салмақ
49-1-2 (34КО)
- Энтони Джошуа (Ұлыбритания) –70 балл
Аса ауыр салмақ
21-0-0 (20КО)