Құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты
11 марта 2020 г.
Фото - kfb.kz
Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. 91 келіден жоғары ең ауыр салмақтағы алыбымыз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда шаршы алаңға шыққан жоқ. Сөйтіп, оның қарсыласы, Австарлия боксшысы Джастис Хани финалға тер төпей шықты.
Қазақстан бокс федерациясының сайтындағы ресми мәлімдемеге сенсек, Қамшыбек Қоңқабаев жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпаған. Буынын ауыртып алған секілді. Кім біледі, шынымен солай ма, әлде ұлттық құрама бапкерлері Олимпиадаға дейін күш-жігерін сарқып, қазіргі спортық бабын көрсетпеуді ойлады ма? Белгісіз... Негізі, басты мақсат орындалды. Жолдама – қолда. Олимпиадаға барады...
Сондай-ақ әйелдер арасындағы 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған, қыздарымыздың ішінде Токио Олимпиадасы лицензиясына жалғыз өзі қол жеткізген Надежда Рябец те қола медаль еншіледі. Ол жартылай финалда Австралия қызы Кейтлин Паркермен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен ұтылды.