"Қазақстандық боксшылар бар". Бангкоктағы бокс кешінің қатысушылары анықталды
Ringkz.com порталы 1 ақпанда Таиланд астанасы Бангкокта өтетін бокс кешіндегі барлық жұпты жариялап, әрқайсымен таныстыруды жөн көрді.
Басты тұлғалар
1 ақпанда Бангкокта өтетін бокс кешінің барлық жекпе-жектеріне қатысты ақпаратты ұйымдастырушылар, яғни TLBoxingPromotion (Таиланд) және IrfinPromotions (Қазақстан) промоутерлік компаниялары ұсынды.
Айта кету керек, Ringkz.com оқырмандары Таиланд астанасында кім өнер көрсететіні туралы ең бірінші болып біліп отыр, мәселен Boxrec порталында жұптардың құрамы әлі жарияланған жоқ.
Сонымен бағдарламада жалпы 9 жекпе-жек жоспарланған, оның ішінде 5 кездесу 10 раундтық болады. Ал олардың 3-еуі WBA Asia нұсқасы бойынша титулдық жекпе-жектер аясында өтеді. Кештің ең тәжірибелі қатысушылары – қазақстандықтар Елшат Нығметолла мен Руслан Мәдиев. Олар өз салмақ дәрежелерінде WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандықтар қатыспайтын кездесулердің ішінде ерекше назар аударуға тұрарлық жұп – WBA Asia South титулына үміткер франциялық Бенжамин Дюбуа мен жеңіл салмақта (50,8 келіге дейін) WBA Asia чемпионы, WBA-ның әлемдік рейтингінде ТОП-15 кіретін Танес Онгджунта (№13) арсындағы жекпе-жек. Бангкоктағы жекпе-жек Онгджунта үшін титулдық кездесу болмайды, себебі ол басқа, салмақ дәрежесінде өтеді.
Жекпе-жектердің толық тізімі:
1. Бенжамин Дюбуа (13-3-1), Франция – Акави Кеумани (31-24-1, 18 КО), Таиланд
WBA Asia South титулы үшін жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) – 10 раунд.
2. Танес Онгджунта (13-2, 7 КО), Таиланд – Пратхип Чинрам (9-7, 4 КО), Таиланд
Екінші жеңіл салмақта (52,2 кг дейін) – 10 раунд.
3. Пинмай Фотджанасук (0-0), Таиланд – Джеки Тот (1-3, 1 КО), Австралия
Жартылай жеңіл салмақта (57 кг дейін, әйелдер) – 4 раунд.
4. Али Аббас Джеддай (6-0, 1 КО), Пәкістан – Сагар Чаухан (4-0-1, 1 КО), Үндістан
Келісілген салмақта (54 кг дейін) – 10 раунд.
5. Уэйд Макдональд (1-0, 1 КО), Австралия – Банпот Каоям (4-14-1, 4 КО), Таиланд
Келісілген салмақта (85 кг дейін) – 4 раунд.
6. Армат Арманұлы (1-1), Қазақстан – Хабиб Ур Рехман (6-1, 5 КО), Пәкістан
Орта салмақта (72,6 кг дейін) – 6 раунд.
7. Нұрдос Төлебай (13-0, 10 КО), Қазақстан – Амирхоссейн Арзи (2-0, 2 КО), Иран
Жеңіл жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) – 8 раунд.
8. Ельшат Нығметолла (20-0-1, 7 КО), Қазақстан – Фласидус Нуно (10-1-2, 8 КО), Индонезия
WBA Asia титулы үшін жеңіл салмақта (53,5 кг дейін) – 10 раунд.
9. Руслан Мадиев (16-2, 6 КО), Қазақстан – Али Канега (11-1-1, 7 КО), Филиппин
WBA Asia титулы үшін жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) – 10 раунд.
Шетелдік тәжірибе
Маңыздысы, қазақстандық боксшылар қатысатын 4 жекпе-жектің барлығында төрешілер мен шаршы алаңдағы рефериі шетелдік болады. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелікті атап өту қажет.
Нұрдос Төлебай мен Армат Арманұлы кәсіби рингте Қазақстаннан тыс жерде әлі жекпе-жек өткізген жоқ. Сондықтан Бангкоктағы алдағы кездесу олар үшін жаңа әрі беймәлім жағдайдағы сынақ болмақ. Ал қалған екі қазақстандық боксшы үшін шетелдік тәжірибесін, былайша айтқанда, жаңартып одан сайын арттыра түсу артық етпейді. Мәдиев елден тыс соңғы рет 2023 жылдың наурызында өнер көрсетсе, Нығметолла 2022 жылдың наурызында жекпе-жек өткізген.
Бұл төрт боксшының барлымен қазақстандық IrfinPromotions промоутерлік компаниясы айналысатынан да айта кетейік.