​ҚАЗАҚСТАН vs ӘЛЕМ: Алматыға келетін шетелдік боксшылар кімдер?

13 сентября 2024 г.
​ҚАЗАҚСТАН vs ӘЛЕМ: Алматыға келетін шетелдік боксшылар кімдер?

Ringkz порталы отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын 21 қыркүйектегі Алматыдағы бокс кеші аясында қазақстандық боксшыларға қарсы туратын спортшылар туралы қызықты деректер ұсынады.

1. Жеңіл салмақ - 61,2 келіге дейін, 4 раунд

Саматәлі Төлтаев (2-0), Қазақстан - Магомедрасул Омаров (2-0, 1 КО), Ресей

Магомедрасул 21 жаста, Дағыстанда туған. Жалпы айтқанда жас та жігерлі боксшы. Алматыда өтетін жекпе-жек ол үшін Ресейден тыс жерде өткізіп отырған алғашқы кездесуі. BoxRec порталында жазылған алдыңғы екі жекпе-жекті ол Кавказда, яғни Каспий мен Нальчикте өткізді.

2. Орта салмақ - 72,5 келіге дейін, 4 раунд

Армат Арманұлы (0-1) - Анвар Тұрапов (9-4, 6 КО), Өзбекстан

Бұл жекпе-жек мереке болмақ. Армат небәрі 20 жаста. Оның өзбекстандық қарсыласы 30-ға келген. Ол кезінде WBC Asia нұсқасы бойынша чемпион болғанын айта кетейік.

Әлемдік бокс сериясындағы UzbekTigers командасының өнер көрсетуімен де танымал. Оның командалық серіктесі, мысалы, қазіргі екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов және екі беделді нұсқа бойынша жаңа әлем чемпионы – WBA IBF Муроджон Ахмадалиев болды.

3. Екінші жартылайжеңіл салмақ - 59 келіге дейін, 6 раунд

Әділет Құрметов (2-0) - Вишал Кумар (3-1-1, 2 КО), Үндістан

Вишал Кумар 25 жаста. Ол өте белсенді. Бұл оның 2024 жылдағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Оның үстіне, ол алдыңғы жекпе-жегін Ресейде өткізді. Санкт-Петербургте өткен 8 раундтың қорытындысы бойынша 22 жастағы ресейлік Айшат Басировқа (6-1, 5 КО) жеңілді.

4. Жартылай орта салмақ - 66,7 келіге дейін, 6 раунд

Әлішер Әбдуәлім (1-0, 1 КО) – Иракли Геранашвили (16-15-6,8 КО), Грузия

22 жастағы Әлішер Әбдуәлім үшін бұл кәсіби рингтегі екінші жекпе-жек болады. Бірақ оның осы жолғы қарсыласы 37 жекпе-жек өткізіп үлгенрген тәжірибелі спортшы. Бірақ ол әлі ардагер емес. Ол негізінен Еуропада өнер көрсетеді. Соңғы уақытта ол жеңілгеннен гөрі жеңіске жетіп келеді. Соңғы екі жылда ол 4 жекпе-жек өткізіп, 3-інде жеңіске жетті. Алматыда өнер көрсетер алдында ол шаршы алаңға ақпан айында Парижде шыққан еді. Сол кезде 8 раундта франциялық Седрик Витуды (48-5-1, 19 КО) ұпай бойынша жеңген болатын.

5. Бірінші жартылай орта салмақ - 63,5 келіге дейін, 6 раунд

Санатәлі Төлтаев (1-0, 1 КО) – Сардар Атакишиев (11-1, 8 КО), Қырғызстан

24 жастағы Санатәлі Төлтаевқа қарсы рингке 31 жастағы Сардар Атакишиев шығады. Ол өзінің барлық жекпе-жегін Ресейде, яғни Мәскеу, Красногогорск, Новосибирск және Барнаулда өткізгені назар аудартады. Мансабындағы жалғыз жеңіліс 2021 жылдың ақпанында болды.

6. Бірінші жартылай орта салмақ - 63,5 келіге дейін, 6 раунд

Нұрдос Төлебай (12-0, 10 КО) – Ұлықбек Қайымбоев (6-0, 5 КО), Өзбекстан

Нұрдос пен Ұлықбек - құрдастар. Екеуі де 23 жаста. Кәсіби бокста екеуі де тек жеңіспен келеді. Мамандар олардың әлеуеті мен болашағын айрықша айтады. Сондықтан олардың рингтегі қарсыласуы өте қызық болуы мүмкін. Екеуінің де дәлелдейтін көп нәрсесі бар. Бір қызығы, Қайымбоев өткен жекпе-жектерінің барлығын Ресейде өткізген.

7. Ең жеңіл салмақ - 53,5 келіге дейін, 8 раунд

Елшат Нығметолла (19-0-1, 6 КО) – Мухсин Кизота (20-5, 12 КО), Танзания

25 жастағы танзаниялық Мухсин Кизота кәсіби бокс үшін жас та болса, тәжірибелі әрі талғампаз спортшы. Мәселен оның есебінде қазірдің өзінже 25 жекпе-жек бар.

Ол жұлдызды қарсыластармен де шыққан. Олардың арасында, мысалы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов және IBF-тің қазіргі әлем чемпионы Оңтүстік Африкадан Сивенати Нонтшинга бар. Бұл екі жекпе-жекте де Кизота жеңілді, бірақ өзін барынша көрсете білді.

8. WBO Asia титулы үшін жекпе-жек, жартылай орта салмақ - 66,7 келіге дейін, 10 раунд

Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) – Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО), Тайланд

30 жастағы Киттисак Клинсон үшін бұл биылғы мамыр айында Қытайда жергілікті боксшымен жекпе-жекте жеңіп алған WBA Asia атағының алғашқы қорғанысы болады. Яғни Клинсонның қарсылас аумағында жеңіске жету тәжірибесі бар.

Бұл тұста Алматыдағы жекпе-жек тайландтық боксшы үшін 2024 жылы өткізіп жатқан 5-ші кездесуі болмақ. Алматыға төрелік еті үшін Тайландтан судья Чалерм Прайадсаб ұшып келді. Қызықты деталь, тек биылдың өзінде ол Клинсонның 3 жекпе-жегіне (!) төрелік еткен. Алматыдағы жекпе-жек төртінші болмақ!