Канело бапкерінің шәкірті WBC чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды
10 қыркүйекте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тұжырымдамасы бойынша жаңа әлем чемпионы Oscar Valdez (29-0-0, 23KO) бразилиялық кәсіпқой боксшы Robson Conceicao-ға (16-0-0, 8ko) қарсы жекпе-жекте өз титулын алғаш рет қорғайды.
Вальдес үш жыл бойы WBO Дүниежүзілік бокс ұйымының жеңіл салмақтағы 57,153 кг-ға дейінгі чемпиондық белбеуінің тұрақты иегері болды. 2019 жылы екінші жеңіл салмақта 58,967 кг-ға дейін, екі килограмға жоғары көтерілді. 2019 және 2020 жылдары шаршы алаңға екі мәрте шығып, ағымдағы жылдың ақпан айында Miguel Berchelt-ке (38-2-0, 34КО) қарсы жекпе-жекте таңқаларлық нокаутпен WBC титулын жеңіп алды. Ол Вальдес сияқты соңғы үш жылда екінші жеңіл салмақтағы чемпиондық белдікті сенімді ұстап тұрған болатын. Бұл жекпе-жектің ең қызықты сәттерін сілтеме бойынша БЕЙНЕ қосымшасынан көруге болады https://ringkz.com/ru/video/07z1fzrvij2
Оскар Вальдестің қарсыласы – Робсон Консейсан кәсіби рингтегі 16 сенімді жеңісімен мінсіз рекордқа ие және кәсіби мансабында алғаш рет чемпиондық атаққа үміткер болмақ. Ал әуесқой рингте 32 жастағы жігіт екі рет әлем чемпионаттарында жүлдегер атанған: алғаш рет 2013 жылы Алматыда – күміс және 2015 жылы Доха қаласында – қола. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтыны Консейсан үшін әуесқой бокстағы мансабының апогейі болды.
Алдағы әлем чемпионы Оскар Вальдес пен атаққа үміткер Робсон Консейсан арасындағы талас Мексика мен Бразилияның екі түрлі бокс мектебінің стильдері тоғысатын нағыз қақтығыс болмақ. Вальдестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо жарық жұлдыз Saul Canelo Alvarez-тің (56-1-2, 38КО) бапкері екенін ескерсек, бұл тартыс Вальдестің жарқын нокаутымен немесе Робсон Консейсанның ұпай қортындысымен жеткен жеңісімен аяқталады деп болжауға болады.