Хабиб: Фергюсон екеумізді аренаға жауып кетіңіздер, чемпионды сосын білесіздер

16 марта 2020 г.
Хабиб: Фергюсон екеумізді аренаға жауып кетіңіздер, чемпионды сосын білесіздер

Коронавирус індетінің қауіпіне байланысты Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің не болары әлі белгісіз. Өздеріңіз білесіздер, «UFC 249» турниріндегі негізгі шайқас 18 сәуір күні Бруклинде өтуі тиіс болатын. Қазір UFC басшылары бұл кездесуді қалайда кейінге шегермеуді ойластырып, шарқ ұрып жүр.

Сондықтан, бұл жекпе-жекті басқа жерге ауыстырып, көрерменсіз шағын залда өткізу жолдары да қарастырылып жатыр. Хабиб Нурмагомедов бұған де келісетін сияқты. Өйткені ол біраз уақыттан бері шүмектетіп, тер төгіп, Тони Фергюсонға қарсы жан-жақты дайындалып жатқан еңбегінің зая кеткенін мүлде қаламайды.

Бұл жөнінде Хабиб Instagram-дағы жеке парақшасына «бізді жай ғана залға жауып кетіңіздерші, содан соң чемпионның кім екенін білетін боласыздар» деп жазыпты. Алайда бүгін оның жаттығу жұмыстарын одан әрі жалғастыруы екіталай екендігі мәлім болды. Оған да себеп – коронавирус індетінің таралу қауіпі.

Хабиб дайындалып жүрген «Американың кикбокс академиясы» залында жаттығу жұмыстарын өткізу мүмкін болмауы тиіс секілді. Себебі Санта-Клара округінің билігі 100 адамнан артық халық жиналатын кезкелген шараның өткізілуіне тыйым салыпты – бір айға. Ал жүз адамнан аз жиналатын жиынды өткізу үшін арнайы талаптарды орындау керек екен. Мәселен, адамдар бір-бірінен 2 метр қашықтықта жүруі (болуы) міндет...