Головкиннің экс-қарсыласы Ванес Мартиросян кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады

5 февраля 2019 г.
Головкиннің экс-қарсыласы Ванес Мартиросян кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады

Армян ұлтының өкілі, америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 KOs) 14 жылдан кейін кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

1-ші орта және орта дивизиондағы чемпиондық атақтың бұрынғы иегері бұл жаңалығымен Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. Ол өзінің промоутері Дон Кинг пен американдық бокстың «өкіл әкесі» басқаратын компания қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, жасының келгендігін алға тартып, енді мансабын тек бапкер ретінде жалғастыратынын жеткізді (биыл Ванес 33 жасқа толады).

Мартиросян соңғы жекпе-жегін алдыңғы жылдың мамыр айында орта салмақтың мықтысы отандасымыз Геннаний Головкинге қарсы өткізді. 160 фунтқа (72,574 кг) дейінгі салмақта үш чемпиондық белбеу (WBC, WBA (Super) және IBO) тігілген белдесу жоспарланған 12 раундтың 2-раундында нокаутпен аяқталған болатын. Ванес Головкинмен кездеспес бұрын, 2016 жылдың мамырында 154 фунтқа(69,85 кг) дейінгі салмақ дәрежесінде, WBA мен IBO тұжырымдары бойынша америкалық Эрисланди Лараның белбеулерін тартып алғысы келген. Дегенмен, ол төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліс тауып, ол ойын жүзеге асыра алмады.

 

Текст: Sadvakas Maikibayev