Елшат Нығметолла: Жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуге дайынмын
Алматыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған бокс кешінде бірнеше отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы да жергілікті жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты.
Басты жекпе-жектердің бірінде жұдырықтасқан қазақстандық Елшат Нығметолла кәсіби бокстағы 20 жеңісіне қол жеткізді. Ол танзаниялық Мухсин Кизотамен кездесіп, үшінші раундта-ақ қарсыласының осал тұсын тауып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Үшінші раунд басталған бетте қарсыласын соққының астына алып, оң қолымен іштен соққан соққысынан кейін Мухсин жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.
Жекпе-жек алдында айтқандай қарсыласымды айқын жеңдім. Басында да сенімді ұтамын деп серт берген едім, соны орындадым. Жалпы осы жолы дайындық өте жақсы болды, қарсыласымды барынша зерттедім. Негізгі жоспарым бойынша 4-5 раундта нокаутқа оқталып, кездесуді ерте аяқтаймын деп ойлағанмын. Бірақ бәрі одан да ерте аяқталып, 3 раунда нокаут болатынын, шынын айтсам, күтпедім. Тактикамды басынан бастап, соңына дейін дұрыс істеп шықтым. Себебі басында корпустан, денесінен көп соғып, кейін басын дәлдедім, - деді боксшы.
Сондай-ақ Елшат болашақ жоспарын бөлісті.
Жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуге ниет бар. Барлығы сол промоушнға байланысты болып тұр. Қалай айтады, солай істейміз. Негізі өзім тағы бір жекпе-жек өткізуге дайынмын. Жанкүйерлер көп болды, барлығына рахмет айтамын. Осындай мүмкіндік берген Тіпті өзімнің 7 айлық балам да келді. Кейін ол да осы бокс жолын жалғастырады деп сенемін, - деп қорытындылады спортшы.