Джордж Гроувз бокстан кетпек

28 января 2019 г.
Джордж Гроувз бокстан кетпек

Кәсіпқой боксқа 11 жылын арнаған әлемнің екінші орта салмақтағы экс-чемпионы, британдық Джордж Saint George Гроувз өз мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Бастапқыда шетелдік баспасөзде Гроувз 23-ақпанға жоспарланған Джеймс Дигейл мен кіші Крис Юбэнк  арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен жұдырықтасады деген ақпарат тараған болатын. Бірақ, британдық былғары қолғап шебері мансабының шыңына жеткендігін айтып, бокстан кететінін көпшілікке жариялады. Айтуынша, бұл шешіміне жарақат салдары емес, тек өзінің жанұясына көбірек көңіл бөлгісі келетіндігі себеп болыпты.

Супер орта салмақтағы боксшының қызметтік тізімінде 28 жеңіс (20 уақытынан бұрын) пен 4 жеңіліс бар (3 мерзімінен бұрын). Джордждың соңғы кездесуі өткен жылдың қыркүйек айында отандасы Каллум Смитқа қарсы өткен. Бүкіләлемдік бокс супер сериясының дебюттік маусымы аясында ұйымдастырылған жекпе-жектің 7-раундында Гроувз нокаутқа түсіп, WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған еді. «Қасиетті Георгий» лақап атымен танымал боксшы бұл титулды 2017 жылдың мамыр айында Федор Чудиновты 6-раундта мерзімінен бұрын тізе бүктіріп, иемденген болатын. Нәтижесінде, боксшы чемпиондық белбеуін алғаш рет 2017 жылдың қазан айында  Суперсерияның ширек финалы төңірегінде Джейми Коксты нокаутқа түсіріп, екінші рет өткен жылдың ақпанында бокс чемпиондар Лигасының жартылай финалында кіші Крис Юбэнкті жеңіп, қорғаған болатын. Одан бөлек, британдықтың жеке рекордында Мартин Мюррей, Эдуард Гуткнехт, Джеймс Дигейл, Кристофер Ребрассе, Дэнис Дуглин, Глен Джонсон пен Пол Смит сынды лайықты қарсыластар болған. Ал, 11 жылдық кәсіпқой бокстағы мансабындағы жеңілістеріне келер болсақ, Джордж Каллум Смитпен кездеспес бұрын, 2015 жылдың қыркүйегінде төрешілердің екіге бөлінген шешімімен швед өкілі Баду Джекке есе жіберсе, 2013 жылдың қарашасында, одан кейін келесі жылдың мамыр айында Карл Фрочқа техникалық нокаутпен жеңіс тұғырын берген.