Diamond Ring боксшылары Астанадағы жекпе-жектеріне әзірленіп жатыр

20 апреля 2016 г.
Diamond Ring боксшылары Астанадағы жекпе-жектеріне әзірленіп жатыр
[vc_row][vc_column][vc_column_text]Бекман Сойлыбаев пен Берікбай Нұрымбетов Киевте, 14 мамыр күні Қазақстан астанасында өтетін кәсіпқой бокс кешіне, қарқынды түрде дайындалып жатыр. 

Жігіттердің таңғы жаттығулары қырық минут бойы қала төңірегіндегі ойлы-қырлы тас жолдарға түсіп алып, жүгірумен басталады. Таңертеңгі жаттығу күш-қуат пен жылдамдық кроссфитімен тәмамдалады.

Залда боксшы жігіттер бапкерлердің жіті бақылауымен әр түрлі әдіс-тәсілдерге төселіп алуға машықтанып, жалпы функциональды дайындықпен шұғылданады. Шалт қимылдауға бағыталған және кеудеден төмен бұлшық еттерді қатайтуға арналған жаттығуларды орындайды.

Кешкі жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері спаррингтік жекпе-жектермен алмасып отырады. Сейсенбіде күш-қуатты жетілдіре түсуге арналған, «айналма» деп аталатын жаттығулар өткізеді. Ал бейсенбі мен сенбіде, Бекман мен Берікбай тек таңертеңгілік-күндізгі жаттығуларды ғана өткізіп, бокстың техникалық айла-тәсілдеріне мейілінше ден қойып, тер төгеді.

Дүйсенбі күні, яғни 18 сәуірде Қазақстан боксшылары Украинадағы өте сыйлы жаттықтырушы Увайс Байсангуровтың залында болып, төрт раундтық спаррингтер  өткізді.

Бекман өзінің негізгі спарринг-серіктесі, әлеуеті зор Арам Фаниянмен (5-0-0) жұдырықтасты. Осы ретте айта кетейік, бұл жігіт те өзінің 5 мамыр күні өтетін ресми кездесуіне әзірленіп жүр.

Бұдан кейін Фаниянмен екі раунд Берікбай айқасты. Содан соң тағы бір әлеуеті зор боксшымен, атап айтқанда, Игорь Зипирмен (1-0-1) екі раунд жұдырық түйістірді.

Біздің жігіттеріміздің айтулары бойынша, олар қайтадан Юрий Нужненконың қарамағында жаттығып, спорттық бабтарына тез келе бастаған. Бірақ оларға пәрменді соққыларымен шабуылды сәтті аяқтап, нокаутпен жеңіске жету мүмкіндігін арттыра түсу үшін әлі де шүмектетіп тер төгу қажет.

Бүгін боксшыларымыз тағы да спаррингтік жекпе-жектер өткізеді. Бұл жолы оларға Арам Фаниян мен ешкімнен тайсалмайтын әрі қайтпайтын Денис Каушан қарсы шығады.

Келесі аптадан бастап Бекманның спарринг-серіктесі әуесқой бокс әлеміне кеңінен танымал, қазір Олимпиада ойындары жолдамасына қол жеткізу үшін жанталасып жүрген Владимир Матвийчук болады. Ал Берікбай үшін бұрынғы құрлықаралық чемпиондар, қазіргі WBF тұжырымы бойынша әлем чемпиондары Тимур Ахундов пен Виталий Копыленко және бірнеше болашағы зор жас боксшылар дайындалып қойды.

Жалпы, бәрі де Diamond Ring командасы бекіткен жоспар бойынша жүріп жатыр.

Естеріңізе сала кетейік, Diamond Ring 14 мамыр күні Астанада толыққанды өтетін кәсіпқой бокс кешіне жан-жақты дайындалу үстінде. Кештің файткарты Қазақстан бокс жанкүйерлерін қызықты жекпе-жектермен тәнті етеді. Онда  Diamond Ring командасының күрзі жұдырықты жігіттері, сондай-ақ кәсіпқой бокс шаршы алаңында бақ сынап жүрген басқа да жерлестеріміз өз өнерлерін паш етеді. Әзірше келіссөздер жүргізіліп жатыр, толық ақпаратты кейінірек біздің сайтымыздан біле аласыздар.[/vc_column_text][vc_row_inner][vc_column_inner width=”1/2″][dt_fancy_image image_id=”2454″ onclick=”lightbox” width=”” align=”center”][/vc_column_inner][vc_column_inner width=”1/2″][dt_fancy_image image_id=”2455″ onclick=”lightbox” width=”” align=”center”][/vc_column_inner][/vc_row_inner][/vc_column][/vc_row]

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Текст: Sadvakas Maikibayev