Боб Арум: Турман нашар ойын көрсетті. Пакьяоның оны жеңетініне күмәнім жоқ
Американдық Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтың суперчемпионы Кит Турманның (29-0, 22 KOs) рингке қайта оралуына байлынысты өз ойын білдірді.
Промоутерлік бизнестің 87 жастағы майталманын өткен сенбіде екі жылға жуық демалыстан кейін шаршы алаңға қайта оралған 30 жасар Турманның көрсеткен өнері таңғалдырмапты. WBA жартылай орта салмақ дивизионының басты чемпиондық белбеуін қорғаған боксшының төрешілер шешімімен Хосесито Лопестен басым түскендегіне көңілі толмаған көрінеді. Одан бөлек, филиппиндік жұлдыздың промоутерінің ойынша, өткен айда дәл осы ұйымның Турманмен бір салмақтағы екінші дәрежелі чемпиондық титулын қорғаған 40 жастағы «Пакман» америкалықтан шақырту алса, оны ойланбастан сабасына түсіреді.
— «Мен Турманды ары қарай төбелесе алады деп ойлаймаймын» – дейді, Боб Арум FightHub-қа берген сұхбатында.
— Ол Лопеске қарсы, өте нашар ойын көрсетті. Лопес ешқашан таңдаулы боксшылардың қатарына жатқан емес. Солай бола тұра, Турман 7-раундта оның соққыларының астында қалды. Лопестің нокаутшы емес екенін де білеміз.Реферлер осы раундта жекпе-жекті тоқтатуы мүмкін еді. Иә, Пакьяо Турманды жеңе алады. Менің байқағанымды Фредди Роучта байқаған болуы керек.
Турман Арумның атақты клиенті Мэнни Пакьяоның(60-7-2, 39 KOs) потенциалды қарсыласы болуы мүмкін. Пакьяо мен Турман Эл Хэймона басқаратын Premier Boxing Champions телевизиялық жобасымен ынтымақтастық орнатқан. Сондықтан матчмейкерлерге жартылай орта салмақ үздіктерінің бірлескен жекпе-жегін ұйымдастыру оңай.