Белградтағы әлем чемпионатының медальдары

9 ноября 2021 г.
Белградтағы әлем чемпионатының медальдары

Қарашаның 6-сы күні бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жолы айтулы дода Сербия астанасы Белградта өтті. RingKZ.com қай елдердің былғары қолғап шеберлері топ жарғанын назарларыңызға ұсынады.

Белградтағы әлем чемпионатында тартыс 13 салмақ дәрежесінде өтті. Кіл мықтыларға 13 алтын, 13 күміс және 26 қола медаль бұйырды. Марапаттар 25 елден келген боксшыларға берілді:

МемлекетАлтынКүмісҚолаБарлығы
1. Куба3-25
2 .Казахстан2215
3. США22-4
4. Япония2--2
5. Россия1225
6 .Азербайджан1-23
6. Франция1-23
8. Украина1--1
9. Таиланд-123
10. Армения-112
10. Беларусь-112
10. Италия-112
10. Узбекистан-112
14. Бразилия-1-1
15. Турция-1-1
16. Грузия--22
17. Албания--11
17. Бельгия--11
17. Доминикана--11
17. Индия--11
17. Иран--11
17. Испания--11
17. Сербия--11
17. Тринидад и Тобаго--11
17. Шотландия--11

Алтынды тек 8 елдің өкілдері қанжығасына байлады. Кубадан келген спортшылардың арасынан үш әлем чемпионы шықса, Қазақстан, АҚШ және Жапония екі-екіден алтын марапатқа ие болды. Қазақстандықтардың арасында 48 келіге дейін өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов және 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов чемпион атанды.

Финалистерге келетін болсақ, олардың 4-еуі Қазақстан мен АҚШ құрамаларынан шықты. Куба командасының 3 финалистінің барлығы чемпиондық атаққа ие болды. Финалға барлығы 15 мемлекеттің өкілдері шықты.