Бекман Сойлыбаев жаттығуға қайта кірісті

9 июня 2017 г.
Бекман Сойлыбаев жаттығуға қайта кірісті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC тұжырымының екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Бекман Сойлыбаев жаттығуға қайта кірісті.

Бекман Сойлыбаевтың ағзаны қалпына келтіруге бағытталған жаттығу жиыны Бурабайда өтіп жатыр. Қазір боксшы спорттық бабын қалыпта ұстаумен айналысуда. Одан кейін толыққанды жаттығуға кірісіп, жаздың соңына жоспарланған жекпе-жегіне дайындалады. Естеріңізге сала кетейік, жаздың соңында Сойлыбаев аргентиналық боксшы Орасио Кабралмен айқасады деп күтілуде. Кабрал кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңілген. Қалған барлығында жеңіске жетіп, сегіз қарсыласын нокаутқа түсірген.

Өз кезегінде Бекман Сойлыбаев кәсіпқой шаршы алаңға 11 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Мексиканың Чиуауа қаласында өткен өзінің соңғы айқасында венесуэлалық Самуэль Гончалесті ұтқан. Енді Сойлыбаев пен Кабралдың арасындағы айқас жаздың соңына дейін өтуі тиіс.

Текст: Sadvakas Maikibayev