Бекман Сойлыбаев – Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 12 раундқа созылуы мүмкін

1 марта 2017 г.
Бекман Сойлыбаев – Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 12 раундқа созылуы мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев неліктен Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы мүмкін екендігін түсіндіріп берді.

Айта кетейік, бүгін Triple G Лос-Анджелестің Бекман Сойлыбаев жаттығып жүрген Wild Card West бокс залында ашық жаттығу өткізді. Ашық жаттығудан кейін боксшылар кездесіп, бір-бірінің алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

– Головкин қазір нағыз бабында. Бұл оның жүріс-тұрысынан-ақ байқалып тұр. Дегенмен, алдағы айқас ол үшін оңай болады деп айтпас едім. Джейкобс та тәжірибесі зор, мықты боксшы. Меніңше, бұл жекпе-жекте бәрі Генаның айқасты қалай бастағанына және оған қарсыласының қалай жауап бергеніне байланысты болмақ. Бәрін де бір соққы шешіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, жекпе-жек 12 раундқа созылып, соңында жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетуі де ғажап емес. Неде болса, оған сәттілік тілеймін! Бұйырып жатса, Нью-Йоркке барып, оған жанкүйер боламын, – деді Сойлыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен американдық Дэниел Джейкобс арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Ал өз кезегінде Бекманды 10 наурыз күні Тустиндегі жекпе-жек күтіп тұр. Қарсыласы – мексикалық Герман Мераз.

Текст: Sadvakas Maikibayev