Бекман Сойлыбаев алтыншы жеңісіне жетті.

28 августа 2015 г.
Бекман Сойлыбаев алтыншы жеңісіне жетті.

28 тамыз күні Лос Анжелесте, жас қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби бокс рингінде алтыншы жеңісіне жетті.

Төрешілер Бекман Хосе Луис Арайзаны жеңді деген бірауыздан шешім шығарса, OrangeCounty ойын-сауық орталығын толдырған көрермендер спортсшымыздың шеберлігіне таң қалды.

«DiamondRing» боксшысы Америка көрермендері алдында бірнеше рет өнер көрсетіп, өзін осы жерде ыңғайлы сезінеді. Қарсыласы Бекманның өзіне қарағанда, және де бұған дейінгі қарсыластарына қарағанда бірнеше рет тәжірибелі болып келгеніне қарамастан жекпе-жек алдында Бекман өз күшіне сенімді болды. Хосе кәсібқой бокста бірінші рет 1999 жылы өнер көрсете бастады, содан бері 45 жекпе-жек өткізіп, онын 31-де жеңіп, 22-сін нокаутпен аяқтады.

Осы кездесуде кім жеңеді екен, жастық па әлде тәжірибелік пе?

Бірінші раунды Бекман жалдам басымдылықпен бастады. Алдындағы жекпе-жегі ойында болғаны ма, Бекман осы кездесуді де нокаутпен аяқтаймын деп ойлаған болу керек. Алайда қарсыласы тәжірибелі әлі мықты боксшы екенін де ұмытпау керек. Сойлыбаев жиналып, Хосенін басына екі соққы келтірді. Рефери санау ашты, алайда Арайза төбелесті жалғастырды, бірінші нокдаун тіркелді.

Екінші раундта Бекман қарсыласына сол жағынан мықты хук соғып Арайзаны екінші рет нокдаунға жіберді.

Жекпе-жек біткенше Бекман бірінші нөмір болып жумыс істеп, алты раундтын аяғында барлық төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

«Мен өз жеңісіме қуаныштымын, ия, бұл қарсыласым осал емес, алайда мен WildCardWest-та менин бапкерім болған Эрик Браун үйреткен тәсілдерді қолданып жеңіске жеттім» – дейді Бекман.

Бір айдын ішінде екі кездесу өткізген Бекман дем алысқа шықпақ, осы дем алыс кезінде үйленемін деген ойы бар екен.

Естеріңізге сала кетсек, Сойлыбаев алтыншы жеңісіне жетті, осы алты жеңістін үшеуін нокаутпен аяқтады. 1 тамыз күні Калифорнияда болған жекпе-жегін тіпті 38 секундында аяқтаған.

Текст: Sadvakas Maikibayev