Азияда жолдаманы көп алғандар – Қазақстан мен Үндістан
Әзірше Азияда Олимпиада лицензиясын ең көп еншілеген елдердің – біріміз. Осыдан бір жарым тәулік бұрын аяқталған Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирінде Қазақстан және Үндістан боксшыларының бақтары жанды. Біздің жігіттеріміз түгелдей сенімді ақтап, мақсаттарына жетсе, үндістандық қыздар әйелдер арасында ерекше көзге түсті.
Бір көңіл аударарлығы, Амманда Моңғолия боксшылары, әсіресе күрзі жұдырықты жігіттері жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады. Тіпті өз деңгейлерінде өнер көрсете алмады десек те болар. Сондай-ақ қырғыз бауырларымыздың жігіттеріне бірде-бір лицензия бұйырмай, бақтары жанбады. Оңтүстік Корея жігіттерінің де жеребелері ауыр түскенге ұқсайды.
Енді қалған екі аймақтағы іріктеу турнирлері өтеді. Еуропа лицензиялық турнирді бүгін Лондонда бастайды. Ал Америка боксшылары 23 наурызда Буэнос-Айресте Токио Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салуға кіріседі. Содан соң, 13-24 мамыр аралығында, Парижде бүкіләлемдік лицензиялық турнир өтеді. Оған жолдама алып алғандар қатыспайды.
Таратып айтар болсақ, жолдамасы толық Қазақстан құрамасының жігіттері Францияға бармайды. Сол сияқты ерлер арасындағы Ресей және Куба құрамалары да Лондон мен Буэрос-Айресте өз мақсаттарына жетер деп ойлаймыз. Яғни қырғыз боксшыларымыздың жігіттеріне Парижде мүмкіндік болады. Онда салмақ дәрежелеріне байланысты ерлер арасында 3-5, ал әйелдер арасында 3-6 жолдамадан сарапқа салынады.
Енді Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы Токио Олимпиадасының іріктеу турнирінде қай елдің қанша лицензия жеңіп алғанына көз жүгіртейік: