«Астана Арландарының» бұрынғы боксшылары Олимпиадаға барады

2 марта 2020 г.
«Астана Арландарының» бұрынғы боксшылары Олимпиадаға барады

Сенегалдың бас қаласы Дакарда әуесқой бокстан Африка елдерінің лицензиялық турнирі аяқталды. Тоғыз күнге созылған ерлер арасындағы айқастарда бағы жанған 22 боксшы Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды (Ал әйелдер арасында 11 боксшы-қыз Жапония рингінде бақ сынау құқығына ие болды).

«Қара құрлықта» Алжир жігіттері қарымды екен. Олар Дакар шаршы алаңында бес жолдама олжалады. Араларында бізге жақсы таныс екі боксшы бар. Олар – Абдельхафид Беншабла және Шуайб Булудинат. Екеуі де осыдан бірер жыл бұрын WSB жобасында біздің «Астана Арландары» клубының намысын қорғаған.

Осы ретте бір ескерте кетерлігі, Беншабла төртінші Олимпиадасына барғалы отыр. Бірақ ол бұған дейінгі Олимпиада ойындарында (2008, 2012 және 2016 жж) 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Енді, 33-тен асқан шағында 91 келіде бақ сынап көрмек екен. Ал Булудинат үшінші рет Олимп рингіне шығатын болып отыр.

Енді Африка елдерінің лицензиялық турнирінде Токио Олимпиадасының лицензияларын жеңіп алған боксшылардың тізімімен таныс болыңыздар:

52 келі:

Мохамед Флисси (Алжир)
Патрик Чинемба (Замбия)
Сулеману Тете (Гана)

57 келі:

Эверисто Муленга (Замбия)
Николас Окот (Кения)
Сэмюэл Таки (Гана)

63 келі:

Джонас Джуниас (Намибия)
Ришарно Колен (Маврикий)
Абдельхак Надир (Марокко)

69 келі:

Альбер Менгу (Камерун)

Стивен Зимба (Замбия)
Шадири Бвоги (Уганда)

75 келі:

Юнес Немучи (Алжир)
Давид Тсама (Конго ДР)
Вилфред Нтсенгуе (Камерун)

81 келі:

Абдельрахман Ораби (Египет)
Мухаммед Хумри (Алжир)
Мохамед Ассахир (Марокко)

91 келі:

Абдельхафид Беншабла (Алжир)
Юнес Баала (Марокко)

+91 келі:

Максим Енон (Камерун)
Шайб Булудинат (Алжир)