#AndStill — Турман Лопесті жеңіп, WBA Super тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуін қорғап қалды
26-қантардың сенбілік кешінде Нью-Йорк (США) қаласында жартылай орта салмақ үздіктерінің бірі, екі жылға жуық жекпе-жек өткізбеген америкалық Кит One Time Турман шаршы алаңға қайта оралды.
Турман мен отандасы Хосесито Лопес арасындағы 12 раундтық кездесу Бруклиннің Barclays Center аренасында өткен кәсіпқой бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бүкіләлемдiк бокс ассоциациясы тұжырымына сәйкес 147 фунт (66,678 кг) дивизионындағы заңды чемпиондық атаққа таласу толық раундты қамтыды. Турманның 2-раундта сол қолмен жасаған хугі Лопесті тізе бүктірді. 6-раундтан кейін, чемпион шаршаған болуы керек, 7-раундта ол тіпті нокаутқа түсе жаздады. Басының оң жағынан соққы алған ол, қалған қашықтықтың басым бөлігін қорғаныста өткізді. Дегенмен, төрешілердің соңғы шешімі чемпионның пайдасына шешілді (117-109, 115-111 и 113-113). Олардың екеуі жеңісті Турманға берсе, үшіншісі ұпайды теңдей бөлді. One Time лақап атымен танымал америкалық боксшы, 2015 жылы Роберт Геррероға қарсы өткізген шайқаста жеңіп алған чемпиондық титулын қатарынан 4-рет қорғап, осымен 2-рет WBA тұжырымы бойынша өзінің суперчемпион екенін дәлелдеді.
2017 жылдың наурыз айынан шаршы алаңға шықпаған 30 жасар Турман мен 34 жасар Лопес арасында өткен жекпе-жек джорнименге кезекті 29-шы жеңісін әкелді (22 жеңіс уақытынан бұрын тіркелген). Боксшы соңғы рет өзінің чемпиондық белбеуін екі бокс ұйымының (WBA и WBC) тұжырымы бойынша 2017 жылдың наурыз айында Дэнни Гарсияға қарсы кездесуде қорғаған болатын. 12 раундтық жекпе-жектен кейін, төрешілер белбеулерді Турманның еншісінде қалдырған еді. Алайда, бұл шайқастан кейін Кит ауыр жарақат салдарынан рингке шыққан жоқ. Нәтижесінде, Турман WBC титулынан өз еркімен бас тартты. Қазір Бүкіләлемдік бокс кеңесінің атағы 2016 жылдың маусымында Турманға есе жіберген Шон Портерге тиесілі. Турманның айтуынша, оның басты қарсыласы жақында алғаш рет WBA тұжырымы бойынша әлемнің «тұрақты» чемпионы атағын қорғаған филиппиндік жарық жұлдыз Мэнни Пакьяо. Дегенмен, 40 жасар «Пакман» наурыз айында өтетін Майки Гарсия мен кіші Эррол Спенс мегафайт жеңімпазымен қолғап түйістіргісі келеді.