Алматыдағы бокс кеші – шоу салмақ өлшеу рәсімінен басталды

28 октября 2016 г.
Алматыдағы бокс кеші – шоу салмақ өлшеу рәсімінен басталды

Бұл кештің файкартында жеті жекпе-жек өтіп, одан кейін Қанат Ислам Гана боксшысы Патрик Аллотеймен WBA Fedelation және WBO Intercontinental тұжырымдарының чемпиондық атағы мен белбеуін сарапқа салады.

Diamond Ring боксшысы Айдар Шәрібаев осы кештің екінші жұбында шаршы алаңға шығып, Мексиканың кәсіпқой тарланы Хуан Оурамен айқасады. Бүгін екеуі де 61,2 келі салмақ шегінен асқан жоқ. Біздің боксшымыз таразыға түсіп, 60 келі тартты. Ал Окура Айдардан бір келі жеңіл болып шықты. Ертең екеуі рингте алты раунд айқасуы керек.

Бір қызығы, осы кештің хедлайнерлері, яғни Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақтары бірдей болып шықты. Екеуі де – 68 келі.

Салмақ өлшеу рәсімі әдеттегі сценарий бойынша өткен болатын. Алайда кейбір боксшылардың жүйкелері сыр беріп, өздерінің мысы басып тұрғандығын көз қарасу (арбасу) арқылы ғана емес, басқаша дәлелдеуге де тырысқан болды.

Жанқош Тұраров пен Жәнібек Әлімханұлының қарсыластары – ганалық Исаак Арие мен колумбиялық Милтон Нунез – біздің боксшыларды итеріп қалып, шамбайларына тиюге тырысып, “ойранды” салды. Бұл жиналғандардың делебесін қоздырып, арты ду қол шапалаққа ұласты. Қазақ жігіттері, қонақжай елдің ұлдары екендіктерін көрсетіп, олардың арандату әрекетеріне мән бермей, өздерін ұстай білді. Осылай, қонақтар да сабаларына түсті. Енді бәрін де ертең ринг көрсетеді. Шатақ іздегендердің әуселесін шаршы алаңда көретін боламыз.

Файткарттағы басқа жұптардың салмақтары:

Жұман ЖҰМАБЕКОВ (алғашқы жекпе-жегі, Қазақстан) – Владимир ИВАНОВ (1-0, Беларусь)

Салмақтары: 63,1 және 63,2 келі. Жекпе-жек – 4 раундтық

Али АХМЕДОВ (3-0, 3KO, Қазақстан) – Али МАМЕДОВ  (10-2, 2KO, Әзербайжан)

Салмақтары: 78,2  және 77,4 келі. Жекпе-жек – 6 раундтық

Руслан МЫРСАТАЕВ  (2-0, 2KO, Қазақстан) – Нуху АЛЗУМА (4-1, 2KO, Гана)

Салмақтары: 99,5 және 104 келі. Жекпе-жек – 6 раундтық.

Жанқош ТҰРАРОВ  (19-0, 13KO, Қазақстан) – Иссак АРИЕ (24-8, 22KO, Гана)

Салмақтары: 66,6 және 66.6 келі. Жекпе-жек – 10 раундтық.

Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ (алғашқы жекпе-жегі, Қазақстан) – Милтон НУНЬЕЗ (33-16, 29KO, Колумбия)

Салмақтары: 77,4 және 78,6 келі. Жекпе-жек – 6 раундтық.

Естеріңізге сала кетейік, бокс кеші ертең, 29 қазан күні «Алматы-Арена» спорт кешенінде өтеді. Басталуы – 18:00-де. Бокс кешіндегі жекпе-жектерді «Қазақстан» ТРК тікелей эфирден көрсетеді. Фото.

Текст: Sadvakas Maikibayev