20 жастағы қазақ боксшысы өзбек қарсыласын жеңді
21 сентября 2024 г.
Кәсіпқой бокстағы жаңа есім, 20 жастағы Армат Арманұлы Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.
Ол орта салмақта (72,6 келіге дейін) өзбекстандық тәжірибелі боксшы Анвар Тураповпен кездескен. Отандасымыз 4 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін Алматыда қазақстандық IrfinPromotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кеші өтіп жатыр. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Руслан Мәдиев пен ресейлік Тигран Согоян кездесіп, жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуін сарапқа салады.