13 мамыр күні боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді
Мамырдың 13-і күні елордамыздың «Керуен» ойын-сауда орталығының 3-ші қабатында боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
Салмақ өлшеу рәсімі Астана уақытымен сағат 12:30-да басталады. Ресми бөлімнен соң журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокс кеші 14 мамыр күні «Көрме» орталығында сағат 20:00-де басталады. Басты айқаста WBC Eurasia Pacific тұжырымының чемпионы анықталады. Чемпиондық белбеуге WBA NABA белбеуінің иегері жерлесіміз Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) пен грузиялық тәжірибелі боксшы Николоз Кокашвили (17(7KO) -3-1) таласады.
Сондай-ақ, бұдан бөлек шаршы алаңда тағы жеті жекпе-жек өтеді.
Кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар:
Андеркарт
Әли Ахмедов (дебют) – Сергей Крапшило (4 (3KO) -12-2)
Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі (79,3 келіге дейін)4 раундтық айқас
Айдос Ербосынулы (3(3KO)-0-0) – Лаша Гургулиани (7(4KO)-0-0)
Орта салмақ дәрежесіндегі (72,6 келіге дейін) 6 раундтық айқас
Айдын Ельжанов (2(1KO)-0-0) – Хвича Гиголашвили (12(2KO)-12-0)
Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі (55,3 келіге дейін) 6 раундтық айқас
Елдос Сарқұлов (3-0-0) – Шерзодбек Мамаджонов (9(KO)-13-4)
Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас
Айдар Шәрібаев (1(1KO)-0-0) – Рубен Мовсесян (21(16 КО)-14-1)
Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 6 раундтық айқас
Руслан Мырсатаев (1(1KO)-0-0) – Фарух Мадаминов (1(1KO)-4-1)
Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіден жоғары) 6 раундтық айқас
Берікбай Нұрымбетов (1-0-0) – Артур Земляной (1(1KO)-0-0)
Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас
Басты айқас
Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) – Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1)
Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі EPBC WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін айқас