Shields пен Scott ресми салмақ өлшеуден өтті

Claressa Shields пен Kaye Scott Атлантада өтетін чемпиондық жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Екі боксшы да орта салмақтың 160 фунт немесе 72,6 келі лимитіне сай нәтиже көрсетті. Кештің басты кездесуінде Scott WBA және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды. Ал кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген Shields ауыр салмақтан түсіп, орта дивизионның басты […]
Наваррете мен Фостер біріктіру жекпе-жегін өткізуі мүмкін

Екінші жартылай жеңіл салмақта биылғы күздің ең маңызды жекпе-жектерінің бірі өтуі мүмкін. WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Emanuel Navarrete WBC белбеуінің иегері O’Shaquie Foster-мен кездесу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Ақпарат бойынша, тараптар жекпе-жек шарттарын талқылауда айтарлықтай алға жылжыған. Алайда келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Кездесудің нақты күні мен өтетін орны да жарияланбады. Navarrete […]
Мадримовтың қарсыласы чемпиондық белбеуге жақындап келеді

Shields — Scott бокс кешінің қызықты қатысушыларының бірі — жеңіліп көрмеген америкалық орта салмақ боксшысы Troy Isley. Атлантада ол Joseph Hicks-пен кездеседі. Тройдың әуесқой бокстағы тәжірибесі мол. 2017 жылғы әлем чемпионатында ол кәсіпқой бокстың болашақ әлем чемпионы Исраил Мадримовты жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Олександр Хижнякқа есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар америкалық […]
Хейни Паро-мен чемпиондық белбеулерді біріктіруге дайын

Жартылай орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Devin Haney IBF белбеуінің иегері Liam Paro-мен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Әзірге боксшылар әлеуметтік желіде ғана пікір алмасты. Жекпе-жекке қатысты ресми келіссөздер басталған жоқ. Аустралиялық боксшы 24 маусымда Lewis Crocker-ді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді — үшеуі де 115–113 есебін тіркеді. Осы жеңістің арқасында Paro екінші салмақ дәрежесінде әлем […]
Teofimo Lopez үшінші салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атаққа таласады

22 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Teofimo Lopez жартылай орта салмақтағы WBA чемпионы Rolando Romero-мен кездеседі. 29 жастағы Лопес 66,7 келіге дейінгі салмақта алғаш рет жұдырықтасып, үшінші дивизионда әлем чемпионы атануға тырысады. Лопес Бруклинде Гондурастан көшіп келген отбасында дүниеге келген. Ол алты жасынан бастап әкесінің қол астында бокспен айналысты. Әкесі әлі күнге дейін оның жаттықтырушысы. Әуесқой […]
Жартылай орта салмақтағы маңызды оқиғалар

2026 жылдың екінші жартысында жартылай орта салмақтағы күштер арақатынасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бір жарым айдың ішінде дивизионда бірнеше ірі чемпиондық жекпе-жек өтеді. 23 тамызда Лас-Вегаста WBA белбеуінің иегері Rolando Romero екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Teofimo Lopez-ке қарсы титулын қорғайды. Теофимо жеңіске жетсе, үшінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанады. 13 қыркүйекте осы қалада тағы […]
Аарон Маккенна орта салмақтағы төртінші әлем чемпионы атанды

Aaron McKenna Дублиндегі жекпе-жекте Etinosa Oliha-ны жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Осы жеңістен кейін орта салмақтағы төрт негізгі чемпион анықталды. WBA — Erislandy Lara. Кубалық боксшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 6 желтоқсанда Сан-Антониода өткізіп, Johan Gonzalez-ді төрешілер шешімімен жеңді. WBC — Carlos Adames. Доминикандық боксшы соңғы рет 2026 жылғы 21 наурызда Орландода жұдырықтасып, […]
Орта салмақ кеші: Мейірім Нұрсұлтановтың ықтимал қарсыластары Головкин мен Жәнібек иеленген белбеуді сарапқа салады

8 тамызда Дублиндегі 3Arena-да ZuffaBoxing10 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Aaron McKenna мен Etinosa Oliha орта салмақтағы бос тұрған IBF әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Бұл белбеу қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Әр жылдары оны Геннадий Головкин мен Zhanibek Alimkhanuly иеленген. Енді жеңіліп көрмеген екі боксшының бірі жаңа чемпион атанады. Ирландиялық McKenna-ның рекорды — 20-0-0, ал […]
Jesus Alejandro Ramos Jr. несімен қауіпті?

Астана уақыты бойынша 20 қыркүйекте Сан-Диегодағы Pechanga Arena-да жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақ өкілі Meiirim Nursultanov WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Jesus Ramos Jr.-мен кездеседі. Титулдық жекпе-жек Isaac Cruz — Nestor Bravo бокс кешінің екінші басты оқиғасы болады. Турнир DAZN платформасында көрсетіледі. 25 жастағы Ramos — Нұрсұлтановтың кәсіпқой мансабындағы ең қауіпті қарсыласы болуы мүмкін. […]
Стивенсон — Валенсуэла Zuffa Boxing кешінің басты жекпе-жегінде

Zuffa Boxing күздің ең қызықты жекпе-жектерінің бірін ұйымдастырмақ. Бірінші жартылай орта салмақтағы WBO және The Ring чемпионы Shakur Stevenson жаңа промоушен туы астындағы алғашқы титул қорғауын бұрынғы WBA әлем чемпионы Jose Valenzuela-ға (16-3, 10 КО) қарсы өткізеді. Жуырда ғана Стивенсон Zuffa Boxing ұйымымен келісімшартқа қол қойып, бірден промоушеннің басты жұлдыздарының біріне айналды. Валенсуэла бұрын әлем […]
Канело – Мбилли жекпе-жегі 31 қазанға ауыстырылды

Екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Saul Canelo Alvarez пен WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Christian Mbilli арасындағы жекпе-жек ресми түрде кейінге шегерілді. Енді кездесу 2026 жылдың 31 қазанында өтеді. Жекпе-жектің неге кейінге ауыстырылғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Бірақ екі тарап келісімнің күшінде екенін және кездесу міндетті түрде өтетінін растады. Мбилли үшін бұл […]
William Zepeda абсолют әлем чемпионы атануды мақсат етіп отыр

Жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы William Zepeda дивизиондағы барлық негізгі чемпиондық белбеулерді біріктіргісі келетінін мәлімдеді. «Менің мақсатым – абсолют әлем чемпионы атану. Қарсыласымның кім болатыны немесе жекпе-жектің қашан өтетіні маңызды емес. Кімді қарсы қойсаңыздар да, жеңуге дайынмын», – деді мексикалық боксшы Lamont Roach Jr. үстінен жеңіске жеткеннен кейін. Zepeda Лас-Вегаста өткен кездесуде […]
Жәнібек екінші орта салмақта: бұл дивизионда тағы қандай қазақстандықтар өнер көрсетеді?

Zhanibek Alimkhanuly орта салмақтағы WBO чемпиондық атағынан ресми түрде бас тартып, 76,2 келіге дейінгі екінші орта салмаққа көтерілді. Оның рингке оралуы 2026 жылдың желтоқсанында дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін күтіледі. Қазір бұл дивизиондағы Қазақстанның негізгі өкілі — Bek Nurmaganbet. 28 жастағы солақай боксшының соққысы өте жойқын және ол IBF рейтингінде 14-орында тұр. Алайда қарсыластарының деңгейі оның […]
«Қысымды ақылмен жасау керек»: чемпиондық жекпе-жек алдында Zepeda, Roach және Conceição не айтты?

Астана уақытымен 2 тамызға қараған түні Лас-Вегаста жеңіл салмақта екі чемпиондық жекпе-жек өтеді. William Zepeda мен Lamont Roach Jr. бос тұрған WBC белбеуін сарапқа салады. Ал Raymond Muratalla IBF чемпионы атағын Robson Conceicao-дан қорғайды. Бокс кеші қарсаңында спортшылар дайындығы, жекпе-жек жоспары және алдағы мақсаттары туралы айтты. Zepeda: Shakur-дан жеңілу мені күшейтті William Zepeda үшін бұл […]
Қазақстанның орта салмақтағы дәуірін кім жалғастыра алады?

Zhanibek Alimkhanuly екінші орта салмаққа ауысқаннан кейін Қазақстан 72,6 келіге дейінгі дивизиондағы көшбасшысынан айырылды. Алайда оның орнын басуға ең жақын үміткер чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жерде тұр. Meiirim Nursultanov WBC ұйымының шілде айындағы рейтингінде бірінші орын алады және Carlos Adames иелік ететін белбеуге міндетті үміткер болып қала береді. Нұрсұлтанов әуесқой бокстың мықты мектебінен өткен. 2010 жылы жастар арасында […]
Тим Цзю үлкен ойынға қайта оралды.

Tim Tszyu сәтсіз кезеңнен кейінгі мансабындағы ең маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді. Сиднейде өткен кештің басты жекпе-жегінде австралиялық боксшы бұрынғы абсолютті емес, бірақ біріккен әлем чемпионы Errol Spence Jr. төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен сенімді түрде жеңіп, қайтадан өз дивизионындағы чемпиондық белбеулерге басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеді. Төрешілердің үшеуі де Цзюдің айқын басымдығын мойындап, мынадай есеп […]