2026 жылы дауыс беру нәтижесі бойынша Головкин аңызға айналғандар қатарынан орын алуы мүмкін. Оның қарсыластары америкалық Вернон Форрест пен ирландиялық Стив Коллинз. Әйелдер арасында жапониялық Наоко Фудзиока, неміс Кристина Хаммер және мексикалық Джеки Нава да кандидат болып табылады.
Головкин ұзақ уақыт орта салмақта WBA, IBF және WBC титулдарын қорғады, соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізді.
Дауыс беру нәтижелері желтоқсанда жарияланады.