Zuffa Boxing жаңа бокс лигасының басшысы Дана Уайт 2027 жылдан бастап оның негізгі ұйымы UFC сияқты, бокс кештерін іс жүзінде апта сайын өткізіп, сол режимде жұмыс істейтінін жоспарлап отыр.
«Келесі жылы біз UFC сияқты көп жекпе-жек өткіземіз, — деді Уайт Sky Sports-ке берген сұхбатында. — Сондықтан әр жексенбіде үйде болыңыздар. Және мен біздің іс-шараға келетін немесе оны үйінде достарымен не барда көретін әрбір көрерменнің теледидарды өшіргенде немесе аренадан кеткенде: “Мен мұны көргеніме қуаныштымын” деп айтқанын қалаймын».
Айта кетейік, қазіргі уақытта Zuffa Boxing-пен шамамен жүз спортшы келісімшартқа отырған. Егер Уайт бокс шоуларын шынымен де апта сайын өткізгісі келсе, бұл санды бірнеше есе арттыру қажет болады (турнирлер апта сайын дерлік өтетін UFC-де белсенді файтерлер саны, әртүрлі бағалаулар бойынша, 650-ден 850 адамға дейін жетеді).