Ресми: Уайлдер Нью-Йоркте Бризилға қарсы жекпе-жек өткізеді

2019 ж. 20 наурыз
Ресми: Уайлдер Нью-Йоркте Бризилға қарсы жекпе-жек өткізеді

WBC тұжырымының ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер (40-0-1, 39 KOs) өз титулын міндетті қарсыласы Доминик Бризилға (20-1, 18 KOs) қарсы жекпе-жекте қорғайтын болады.

Мықтылардың шайқасы Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында, Showtime телеарнасының Premier Boxing Champions жекпе-жектер телесериясы аясында өтеді. DAZN стримингтік қызметінің үш белдесу үшін ұсынған 100 миллионнан астам АҚШ долларынан бас тартқан 33 жастағы Уайлдер еншісіндегі белбеуін 10-шы мәрте сарапқа салмақ.

WBC-дің чемпиондық белбеуі желтоқсан айында өткен шайқаста британдық Тайсон Фьюридің қолына өте жаздады. Дегенмен, 12 раундтың нәтижесі бойынша төрешілер «корольдік» дивизионның өкілдерін тең түсті деп санап, чемпиондық статусты Уайлдерде қалдырған болатын. 33 жастағы Бризил «Қола бомбалаушының» міндетті қарсыласы болып, нағыз титул үшін екінші рет бағын сынайды. Оның үш жыл бұрын Уайлдерден IBF-тің белбеуін және бүгінгі күні ауыр салмақтағы басқа барлық белбеулердің иегері, британдық жұлдыз Энтони Джошуадан титулды тартып аламын деген ниеті, мансабындағы бірінші жеңілісіне әкеп соқтырған болатын.