Ресми: Фьюри мен Шварц Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында қолғап түйістіреді

2019 ж. 9 сәуір
Ресми: Фьюри мен Шварц Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында қолғап түйістіреді

Британдық супер ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Тайсон Фьюридің (27-0-1, 19 KOs) аты аңызға айналған бокс ареналарының біріндегі дебюті 15 маусымда болады. ESPN+ эфиріне шығатын бокс кешінде ол неміс боксшысы Том Шварцпен (24-0, 16 KOs) шарша алаңда кездеседі.

«Корольдік» дивизионның желілік чемпионы американдық рингте үшінші рет бағын сынамақ. Бұған дейін «Сыған королі» екі атақты рингте өнер көрсеткен. Оның алашқысын Фьюри осыдан алты жыл бұрын Нью-Йорктегі  Madison Square Gardenде өткізіп, америкалық Стив Каннингемді нокаутпен тізе бүктірген. Ал өткен жылдың желтоқсанында ол Лос-Анджелестегі  Staples Center спорт комплексінде WBC чемпионы Деонтей Уайлдермен кездескен. Аталған белдесуде  қос боксшы тең түскен.

30 жастағы Фьюри мен Еуропа рингінен бөлек, алғаш рет басқа елде шаршы алаңға шығатын 24 жасар Шварц арасындағы шайқас, британдықтың Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясымен 3 жекпе-жек үшін жасасқан келісімшарт аясындағы алғашқысы болмақ.

Текст: Sadvakas Maikibayev