Aaron McKenna Дублиндегі жекпе-жекте Etinosa Oliha-ны жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Осы жеңістен кейін орта салмақтағы төрт негізгі чемпион анықталды.
WBA — Erislandy Lara. Кубалық боксшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 6 желтоқсанда Сан-Антониода өткізіп, Johan Gonzalez-ді төрешілер шешімімен жеңді.
WBC — Carlos Adames. Доминикандық боксшы соңғы рет 2026 жылғы 21 наурызда Орландода жұдырықтасып, Austin Williams-ті жеңіп, чемпиондық белдігін сақтап қалды.
WBO — Denzel Bentley. Британдық боксшы соңғы жекпе-жегін 4 сәуірде Лондондағы O2 Arena-да өткізіп, Endry Saavedra-ны жетінші раундта нокаутпен жеңді.
IBF — Aaron McKenna. Ирландиялық боксшы кеше, 8 тамызда Дублинде Etinosa Oliha-мен 12 раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Енді орта салмақта төрт чемпион, төрт белдік және төрт түрлі боксшы бар. Ең қызығы — кім бірінші болып белдіктерді біріктіруге қадам жасайды?