Zuffa Boxing күздің ең қызықты жекпе-жектерінің бірін ұйымдастырмақ. Бірінші жартылай орта салмақтағы WBO және The Ring чемпионы Shakur Stevenson жаңа промоушен туы астындағы алғашқы титул қорғауын бұрынғы WBA әлем чемпионы Jose Valenzuela-ға (16-3, 10 КО) қарсы өткізеді. Жуырда ғана Стивенсон Zuffa Boxing ұйымымен келісімшартқа қол қойып, бірден промоушеннің басты жұлдыздарының біріне айналды.
Валенсуэла бұрын әлем чемпионы атанғанына қарамастан, бұл кездесуде айқын андердог саналады. Оның басты қаруы – ауыр соққысы мен агрессивті стилі. Ал Стивенсон қазіргі бокстағы ең үздік қорғаныс шеберлерінің бірі ретінде жылдамдығы, таймингі және жоғары бокс интеллектісінің арқасында қарсыластарынан оқ бойы озық тұр.
Бүгінде бірінші жартылай орта салмақ жаңа өрлеу кезеңін бастан кешіп жатыр. Стивенсоннан бөлек, бұл дивизионда Keyshawn Davis және жартылай орта салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп үлгерген Devin Haney секілді танымал жұлдыздар өнер көрсетіп жүр.